Декса-Гентамицин
Құрамы
Бір мл ерітіндінің құрамында
белсенді заттар: дексаметазон натрий фосфаты 1 мг, гентамицин сульфаты 5 мг,
қосымша заттар – бензалконий хлориді, натрий хлориді, калий дигидрофосфаты, калий гидрофосфаты, инъекцияға арналған су.
Сипаттамасы
Түссізден ақшыл-сары түске дейінгі мөлдір ерітінді
Фармакотерапиялық тобы
Сезімтал ағзалары. Офтальмологиялық препараттар. Біріктірілген қабынуға қарсы және инфекцияға қарсы препараттар. Біріктірілген кортикостероидтар және инфекцияға қарсы препараттар. Инфекцияға қарсы препараттармен біріктірілген дексаметазон.
АТХ коды S01С A01
Қолданылу саласы.
- гентамицинге сезімтал бактериялық штаммдардан туындаған қатар жүретін инфекциялық аурулармен бірге, немесе бактериялық инфекциялардың даму қаупі бар көздің алдыңғы сегментінің қабынуында
- бактериялық асқын инфекциямен қатар жүретін көздің алдыңғы сегментінің аллергиялық қабынуында